03 шілде 2017
Басты бет   /   Жаңалықтар

BMW G 310 R Қазақстанда таныстырылды

1 шілдеде Алматыдағы ARTхаус кеңістігінде Summer Moto UpDate #Верный-Алматы іс-шарасы өтті, оған BMW Motorrad Kazakhstan да қатысты.
news

Іс-шара аясында бавариялық брендтің көптен күткен мотоциклі – G 310 R моделінің сатылымы басталды.

BMW G 310 R – жарқын ләззаттың көрінісі. Ұтқырлықты бағалайтындар үшін жасалған, ол ұмытылмас эмоциялар сыйлай отырып, қарбалас қала легін оңай еңсереді. Қозғалтқыштың салыстырмалы түрде аз көлемі – 313 текше см, жеңіл салмағы – 160 кг және теңдесі жоқ маневрлігі арқасында BMW G 310 R мотоциклшілер қатарына енді ғана қосылатындар үшін өте қолайлы. BMW G 310 R – бұл BMW сапасының жоғары стандарттары, тамаша орындалу, стильді сыртқы түр және соңғы технологиялар.

Жаңа өнім Қазақстандағы BMW Motorrad дилерлік орталықтарында қолжетімді. BMW G 310 R моделін 2,4 млн теңгеден бастап сатып алуға болады.

Басқа жаңалықтар:

news

Жаңа BMW R nine T/5

09 қазан 2019

BMW R nine T/5 – BMW Motorrad 50 жылдығына арналған эксклюзивті мотоцикл моделі. Классикалық, шынайы, түпнұсқа – бұл жаңа BMW R nine T моделі туралы айтылады. Ол BMW Motorrad Heritage мотоциклдерінің табысы мен жоғары сұранысын бейнелейді.

news

Алматыда мотомаусымның ашылуы

04 мамыр 2019

Алматы байкерлері Avtodom сауда үйінің алдында 15-ші мотомаусымды ашты.

news

Нұр-Сұлтанда мотомаусымның ашылуы

27 сәуір 2019

27-29 сәуір аралығында екі күн бойы «EliktiPark» ТШК тау-шаңғы базасының аумағында жыл сайынғы Road Freedom Fest мотофестивалі өтті, онда 2019 мотомаусымы ашылды.