BMW K 1600 B.

АСҚАҚ СТИЛЬ.

Сұраныс қалдыру
BMW K 1600 B.

Сізді жаңа жолдар мен жаңа әсерлер күтеді. Алты цилиндр, жүрудің ерекше икемділігі және таңғаларлық қуат ешқандай күмән тудырмайды: әр сапар ұзақ уақытқа есіңізде қалады. Төмен алдыңғы әйнек, артқы жағының керемет дизайны оған классикалық бэггердің ерекше көрінісін береді. Бірақ бұл көріністің негізінде көптеген инновациялық технологиялар мен жоғары деңгейдегі жайлылық жатыр. Сондықтан K 1600 B жолына түсіп, еркіндік желін сезініңіз.

Үлгі артықшылықтары

Өз стиліңізді таңдаңыз.

Классикалық және албырт Black Storm metallic немесе таңдаулы қара көк Imperial blue metallic? Қандай түсті таңдасаңыз да, K 1600 B таңырқайтын әсер береді. Black storm metallic батыл түсі және сәнді Imperial blue metallic – өз таңдауыңызды жасаңыз.

Нақ бэггер. Шүбәсіз басқа.

Бэггерге сай ол харизмаға толы және еркінсіп қозғалуға арналған. Төмендейтін мүсін сызығы K1600B нұсқасын нәзік және сүйір пішінді етеді. Қара түске боялған қозғалтқышпен үйлескен Blackstorm түсі бэггерге ерекше көрініс береді.

Алты цилиндрлі қатарлы қозғалтқыш.

Ондағы әрбір сапар — нағыз оқиға. Ғажайып бірқалыпты қозғалысы мен керемет қуатының арқасында ол таңғалдыратын динамиканы қамтамасыз етеді. Оның 160 а.к. қуаты және 175 Н•м максималды айналдыру моменті әрқашан және барлық жерде қолжетімді.

Сапардан шексіз ләззат алу.

Бэггерге мінетін адам міндетті түрде көлікке отырып серуендегісі келеді, ал жайлылықтың жоғары деңгейі арқасында сіздің тоқтағыңыз келмейді. Бейімделетін шасси стандартты жинақтамаға кіреді және жоғары жайлылық деңгейінде оңтайлы басқару мүмкіндігі мен жүру динамикасын қамтамасыз етеді.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 26,5 л
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 336 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 224 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 5,7 л
Ең жоғары қуат 118 кВт (160 а. к.) 7 750 айн./мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.