BMW R 12

Еркіндік үшін жасалған

Сұраныс қалдыру
BMW R 12

R 12 – бұл мәжбүрсіз өмір салтының бейнесі. Дресс-код: күнделікті кербез. Стиль: классикалық. Оны домалақ спидометр және айшықты сұлбасы сияқты бірегей сипаттарынан оңай тануға болады. Конструкцияның айрықша элементтері көзге түседі: отын багы, орындық, ауа тартқыш, сондай-ақ алдыңғы және артқы қанаттар.

Үлгі артықшылықтары

Жолдағы рок-н-ролл

BMW R 12 екі режимдегі бірегей көлік жүргізу тәжірибесін ұсынады: Жайбарақат жүріске арналған ROLL және анағұрлым серпімді маневрлерге арналған ROCK. Оппозиттік қозғалтқыш төмен айналымдарда тамаша үдеу және айналу сәтімен қамтамасыз етеді. Модель өзінің даңқты трансмиссиясымен және бос жүрістегі анағұрлым бірқалыпты жүрісімен танымал, осының арқасында ол жолдағы жайлылықты да, спорттық мүмкіндіктерді де бағалайтындар үшін мінсіз.

Ермін-еркін

Барынша еркін сезіну. Рульдің және аяқ тірегіштердің бірегей эргономикасы басқалар сезе алмайтын жолды сезінуді мен жайлы отыруды қамтамасыз етеді. Төмен орындық стильді ғана көрініп қоймайды, сондай-ақ жаңадан айдап жүргендер мен мотоцикл тізгінін ұстамағалы көп болған жандарға таптырмас. Бұған қоса ABS Pro тежеуді еңкею бұрышына қарай бейімдейді, ал DTC жүйесі қауіпсіздікті арттырады. Жай ғана арқаны кеңге салып, айдаудан ләззат алыңыз.

Жеңілдік рухы

Жай ғана тұр да, табалдырықтан атта, R 12 сені жайлы жүргізіп, кез келген жерге жеткізеді. Keyless Ride функциясының арқасында ол кілтсіз қосылады. ConnectedRide Control опционалды функциясы смартфонды бағдарлаушы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді және телефонға арналған бекіткіші бар. Опционалды сандық дисплей жақсартылған шолуды ұсынады. Жайлылық опциялық пакетіндегі берілісті ауыстырып қосу кезіндегі көмек берілістерді іліністі баспай-ақ ауыстырып қосуға мүмкіндік береді.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы 14 л  
Жүктемесіз салмағы, жанармай толық құйылған 227 кг
Максималды жүктеме (стандартты жинақтамада)  430 кг
Отын шығыны 100 км қашықтыққа WMTC стандарты бойынша 5,1 л 
Максималды қуаты 6500 айн./мин кезінде 95 а.к. (70 кВт) 

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.