Жаңа BMW S 1000 RR

ЖЫЛДАМДЫҚТЫҢ ЖАҢА ЭТАЛОНЫ.

Сұраныс қалдыру
BMW S 1000 RR

Бұл мотоцикл жаңа рекордтар үшін жасалды. 13 500 айн./мин деңгейінде 207 ат күші және 113 Нм айналу сәті бар - ал 5 500-ден 14 500 айн./мин ауқымында 100 Нм қолжетімді. RR бірінші буынын таныстырғаннан он жыл өткенде, біз спортбайктер сыныбының ережелерін қайта жазудамыз. Жаңа S 1000 RR су жаңа етіп жасалған. Ол анағұрлым жеңілірек әрі қуаттырақ. Ол - жаңа эталон. Сіз әрқашан бірінші орында болуға дайынбысыз? Олай болса, жаңа RR сіз үшін жасалған.

Үлгі артықшылықтары

Дизайн

Жаңа RR екі керемет нұсқада тапсырыс беруге болады: қызыл Racing Red және үш түсті Motorsport. BMW Motorsport аңызға айналған түстері – алдыңызда маңызды мотоцикл тұрғанын бірден байқауға болады. Racing red көз тартатын және құмарлық түсі техникалық сипаттамаларына қарағанда мотоцикл жылдамдығы туралы кем айтпайды.

Жарыстарға дайын

BMW S 1000 RR – жарыс трегіндегі сіздің мінсіз серіктесіңіз. Артқы көрініс айнасы мен нөмірлі белгіге кірістірілген жарық техникасы арқасында сіз санаулы секунд ішінде мотоциклді жарысқа дайындай аласыз – ол үшін небәрі үш бөлшекті шешіп алған жөн!

Қатарлы 4 цилиндрлі қозғалтқыш

Төрт цилиндрлі BMW S 1000 RR қозғалтқышы жаңадан әзірленген. Газ тарату фазаларын және BMW ShiftCam клапандарын көтеру биіктігін реттеу технологиялары арқасында жаңа қозғалтқыш тіпті төмен және орта айналымдарда жауап қайтаруымен таңғалдырады.

Ұсақ бөлшектерге дейінгі динамика және жетілгендік.

RAIN, ROAD, DYNAMIC және RACE жүргізу режимдері арқасында жаңа S1000RR барлығына дайын – ал үш қосымша RACE Pro 1, RACE Pro 2 және RACE Pro 3 режимі жарыс трегінде жаңа рекорд орнатуға мүмкіндік береді.

Жолдағы қосымша тұрақтылық пен ілінісу

Жаңа BMW S 1000 RR – бұрын тек жарыс техникасында пайдаланылған әлемдегі алюминий шассиі бар жол мотоциклі. Бұл аспа салынбаған массаны 0,3 килограммға дейін азайтуға мүмкіндік береді, ол динамика мен басқаруды жақсартады.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 16,5 л
Жабдықталған күйіндегі салмақ (отын толтырып құйылған) 197 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 407 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 6,4 л
Ең жоғары қуат 152 кВт (207 а. к.) 13 500 айн/мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.