BMW R 1250 GS ADVENTURE.

ШЕКСІЗ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛАР.

Сұраныс қалдыру
BMW R 1250 GS ADVENTURE.

Жаңа BMW R 1250 GS Adventure бәріне дайын, сондықтан сіз планетаның ең алыс бұрыштарын зерттей аласыз. Көлемі 1254 текше см болатын жаңа қозғалтқыштың арқасында сіздің қолыңызда одан да көп қуат бар. 136 ат күші және бүкіл айналым диапазонындағы жоғары айналу сәті, ең жоғары отын тиімділігі – ShiftCam соңғы технологиясының еңбегі. Бұған үлкен бакты, сенімді шассиді және үлгілі сенімділікті қосыңыз да – жолға шығыңыз!

Үлгі артықшылықтары

Өз жолыңызды таңдаңыз.

Таптап салынған жолдар сіздің сүйікті бағдарыңыз емес пе? Жаңа BMW R 1250 GS Adventure үшін біз мотоциклді дәл сіз үшін мінсіз ететін сансыз опциялар мен аксессуарларды ұсынамыз. Таңдалған стильге байланысты BMW R 1250 GS Adventure сипаты мүлдем басқаша болуы мүмкін.

Анағұрлым мол қуат, анағұрлым мол тәжірибе.

BMW Motorrad газ тарату фазалары мен клапандардың биіктігін реттейтін инновациялық жүйені ұсынады. Қозғалтқыштардың жұмысы төмен айналымдарда бірқалыпты болды, ал айналдыру моменті бүкіл диапазонда жоғары болды. Көлемі 1254 текше см құрайтын қозғалтқыш 136 а.к. қуатын және 143 Нм айналдыру моментін дамытады.

Pro көлік жүргізу режимдері.

Опция ретінде қолжетімді Pro жүргізу режимдері тәжірибелі жүргізушілерге әртүрлі жағдайларда мотоциклдің әлеуетін одан әрі ашуға мүмкіндік береді. Жүргізу режимдері қозғалтқыштың жауап қайтаруына, ABS және бос айналудан сақтау жүйесінің жұмыс алгоритміне және Dynamic ESA бейімделетін аспасына әсер етеді.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 30 л
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 268 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 217 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 4,75 л
Ең жоғары қуат 100 кВт (136 а. к.) 7 750 айн/мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.