Кіріспе бөлім

Premium «Auto Almaty ЖШС», сондай-ақ оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі «Бавария Алматы автоорталығы»  немесе біз) сіздің жеке өміріңізге қол сұқпау құқығыңызға асқан құрметпен қарайды және Дербес деректеріңізді қорғауға қатысты толық жауапкершілік алып, өзіне міндеттемелер алады. Сіздің Дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық заңды құрал мен шараны қолданатынымызға кепілдік береміз және оны осы Қауіпсіздік саясатында (бұдан әрі Саясат) көзделген мақсатта ғана пайдаланатынымызды мәлімдейміз.

Сіз туралы ақпаратты жинау және пайдалану процесі делдалдарды пайдаланбай, барынша ашық түрде ұйымдастырылуы керек екеніне сенімдіміз. Осы Саясат (осы Саясатта берілген анықтамаға сай) Дербес деректерді біздің қалай жинайтынымызды, пайдаланатынымызды және беретінімізді түсіндіреді.

Осы Саясат Пайдаланушы келісімінің (бұдан әрі «Келісім»), сондай-ақ сізбен жасасқан басқа шарттардың (соның ішінде өтінімдер, тапсырыс-нарядтар, келісімдер түрінде және тағы сол сияқты) немесе сізбен жасалуы мүмкін шарттардың ажырамас бөлігі екенін есте ұстаған жөн.

Осы сайттың, сондай-ақ Бавария Алматы автоорталығының басқа сайттарының қызметтерін пайдалана отырып, сіз Саясатпен келісесіз және Дербес деректерді келесі тәсілдермен өңдеуге: қалауы бойынша автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай, осы Саясатта белгіленген мақсаттарда жинауға, жазып алуға, жүйелеуге, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), шығарып алуға, пайдалануға, беруге (таратуға, ұсынуға, қол жеткізуге), иесіздендіруге, бұғаттауға, өшіруге, жоюға өз еркіңізбен және өз мүддеңізде жазбаша келісім бересіз. Құпиялық саясатының талаптарымен келіспеген жағдайда сіз «Бавария Алматы автоорталығы» сайттарын пайдалануды тоқтатуыңыз керек.

1. Терминдер мен анықтамалар

Қандай дербес ақпаратты қалай және не үшін жинайтынымызды, пайдаланатынымызды, сақтайтынымызды оңай түсінуіңіз үшін, сондай-ақ Саясатта қолданылатын кейбір терминдерді түсінуіңіз үшін біз оларды төменде берілген жеке кестеге топтастырдық.

2. Дербес ақпаратты жинау мақсаты

2.1. Дербес деректер мына мақсатта жиналады және пайдаланылады:

Сайтты пайдаланған кезде, сондай-ақ мәміле, өтінім, тапсырыс-наряд жасасу мақсатында Пайдаланушыны сәйкестендіру;

  • Сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерімізді орындау;
  • Пайдаланушыға Сайттың ресурстарын (қызметтерін) алуға рұқсат беру;
  • Пайдаланушымен кері байланыс орнату, соның ішінде Сайтты пайдалануға, қызмет көрсетуге қатысты телефон соғу, хабарламалар (соның ішінде, бірақ онымен шектелместен: SMS, WhatsApp, Telegram және өзгесі), сұратулар жіберу, сұратуларды және Пайдаланушылардың өтінімдерін өңдеу, «Бавария Алматы автоорталығы» акциялары мен өзге қызметтері туралы жарнамалық ақпарат жіберу;
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау;
  • Пайдаланушының берген дербес деректерінің дұрыстығын және толықтығын растау;
  • Сайтты пайдалануға байланысты мәселелер туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету;
  • Пайдаланушыға «Бавария Алматы автоорталығы» атынан немесе «Бавария Астана автоорталығы» серіктестері атынан қызмет жаңартуларын, арнайы ұсыныстарды, баға туралы ақпаратты, жаңалықтарды және өзге мәліметтер ұсыну. «Бавария Алматы автоорталығы» жарнама қызметін жүзеге асыру, соның ішінде үшінші тұлғаларды тарту жолымен жүзеге асыру;
  • Өнімдерді, жаңартуларды және қызметті алу мақсатында Пайдаланушыға «Бавария Алматы автоорталығы» серіктестерінің сайттарына немесе сервистеріне кіру мүмкіндігін беру;
  • Өткізетін тауарларымыздың, көрсететін қызметіміздің, орындайтын жұмыстарымыздың сапасын жақсарту, жаңа Сервистерді әзірлеу;
  • Иесіздендірілген деректердің негізінде статистикалық және өзге зерттеулер жүргізу;
  • Компанияларымыздың қызметіне және оларды басқаруға талдау жасау, маркетингтік зерттеулер, аудит жүргізу, жаңа өнімдерді әзірлеу, жұмысымызды жетілдіру, тауарларымыз бен қызмет/жұмысымызды жақсарту, пайдалану үрдістерін анықтау, жарнама науқанымыздың тиімділігін айқындау сияқты қызметіміздің түрлерін жүзеге асыру, сондай-ақ Пайдаланушылардың ризашылық және оларға қолдау көрсетілу деңгейін бағалау.

3. Дербес деректердің тізбесі

3.1. Біз келесі ақпаратты жинаймыз:

  • Сайтқа кірген кезіңізде бағдарламалық қолданба автоматты түрде жинайтын техникалық ақпарат;
  • Тиісті нысанды толтырған кезде өзіңіз берген дербес ақпарат немесе Пайдаланушы әлеуметтік желілерді пайдаланған кезде не болмаса Пайдаланушымен тікелей байланысқан кезде «Бавария Алматы автоорталығы» алған ақпарат;
  • Өзге ақпаратты сіз өз қалауыңызша ұсынасыз.

3.2. Техникалық ақпарат.

Сіз Сайтқа кірген кезде Сайттың әкімшілігіне сервер тіркеуінің стандартты журналдарының (server logs) ақпараты автоматты түрде қолжетімді болады, атап айтқанда:

  • Компьютеріңіздің (немесе прокси-сервердің, егер интернетке шығуға прокси-сервер пайдаланылса) IP-мекенжайы;
  • Интернет-провайдердің атауы;
  • Доменнің атауы;
  • Браузердің және операциялық жүйенің түрі;
  • Сіз сайтқа көшкен сайт/әлеуметтік желілердегі парақ туралы ақпарат;
  • Сіз кіретін Сайттың парақшалары туралы ақпарат;
  • Сайтқа кірген күн мен уақыт, файлдар.

3.3. Бұл ақпаратты біз Сайтқа кіруге талдау жасау үшін біріктірілген түрде талдаймыз және оны жақсарту және дамыту үшін ұсыныстарды әзірлеген кезде пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талап еткен жағдайларды қоспағанда, сіздің IP-мекенжайыңыз бен дербес ақпаратыңыздың арасындағы байланыс ешқашан үшінші тұлғаларға жария етілмейді.

3.4. Дербес ақпарат.

Дербес ақпаратқа мыналарды кіргіземіз:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • Туған күні мен жері;
  • Жынысы;
  • Ұлты;
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі;
  • Байланыс деректері: тұрақты тіркелген жерінің мекенжайы, уақытша тіркелген жерінің мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган;
  • Кредиттік және дебеттік карталарының, сондай-ақ банктік шоттардың нөмірлері және өзге төлем ақпараты;
  • Портрет суреті (фотосурет).

3.5. Шарттарды жасасу мақсатында Пайдаланушы өзі туралы мына дербес деректерді немесе өзі мүддесін білдіретін ұйым және оның өкілдіктері туралы деректерді: аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы, телефон нөмірін ұсынуы мүмкін, қосымша ретінде мұндай ұйымның атауы, БСН, банктік шоттың нөмірі, әділет органдарындағы тіркеу нөмірі, тіркеу мекенжайы және пошталық мекенжайы, корпоративтік телефон нөмірі, қызмет көрсететін банктің атауы, оның БСК және корреспонденттік шоты ұсынылуы мүмкін. Ұйым туралы көрсетілген мәліметтер дербес деректерге жатпайды.

3.6. Егер жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде әрекет етсе немесе мұндай жеке кәсіпкердің мүддесінде, қалауымен немесе тікелей жазбаша келісімімен әрекет етсе, сәйкесінше, жеке кәсіпкердің тегі және инициалы, ЖСН, тіркелген мекенжайы, телефон нөмірі, банктік шотының нөмірі, қызмет көрсететін банктің атауы, оның БСК және корреспонденттік шоты қосымша ұсынылуы мүмкін.

4. Тараптардың міндеттемелері

4.1. Пайдаланушының міндеттері:

  • Мәміле (шарттар, өтінімдер, тапсырыс-наряд және өзге нысанда) жасасу мақсатында қажетті дербес деректер туралы ақпаратты беру;
  • берілген ақпарат өзгерген жағдайда дербес деректер туралы берілген ақпаратты қысқа мерзімде (күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей) жаңарту, толықтыру. Пайдаланушы дербес деректердің өзгергені туралы хабарламаса немесе уақытылы хабарламаса, «Бавария Алматы автоорталығы» мұндай хабарламаудан немесе уақытылы хабарламаудан туындаған кез келген жағымсыз салдар үшін жауапкершіліктен босатылады.

4.2. Біздің міндеттеріміз:

  • Алған Дербес ақпаратты тек осы Саясатта көрсетілген мақсатта ғана пайдалану;
  • Дербес ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету, Пайдаланушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жария етпеу, сондай-ақ Пайдаланушының берілген Дербес деректерін сатпау, айырбастамау, жарияламау немесе өзге ықтимал тәсілдермен жария етпеу. Пайдаланушының Дербес деректері мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарына тек заңнамада белгіленген негізде және тәртіппен ғана берілуі мүмкін;
  • Пайдаланушының Дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін қолданыстағы іскерлік айналымында мұндай ақпаратты қорғау үшін әдетте пайдаланылатын тәртіпке сай сақтық шараларын қолдану;
  • Пайдаланушының өзі өтініш білдірген, сұрату жіберген немесе Пайдаланушының заңды өкілі немесе дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган өтініш білдірген сәттен бастап тексеру кезеңіне, шынайы емес Дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда тиісті Пайдаланушыға қатысты Дербес деректерді блокқа қою.

5. Дербес деректерді алу тәсілдері. Дербес деректерді қорғау

5.1. Біз Дербес деректерді мына тәсілдермен жинаймыз:

  • Пайдаланушының өзінен немесе оның уәкілеттілік берген өкілдерінен;
  • браузер немесе Пайдаланушының құрылғысы арқылы;
  • Басқа дереккөздерден, соның ішінде, қоса алғанда, бірақ шектелмей: мысалы, көпшілікке қолжетімді дерекқорлардан; бірлескен маркетингтік және (немесе) қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша серіктестерден; бізде немесе сізде олармен шарттық қатынастар бар банктерден, сақтандыру компанияларынан және (немесе) өзге қаржы ұйымдарынан; ұялы байланыс операторларынан; әлеуметтік платформалардан; пайдаланушылардың достарынан немесе әлеуметтік платформалар арқылы онымен байланысы бар өзге тұлғалардан, сондай-ақ өзге үшінші тұлғалардан.

5.2. Біз Пайдаланушылардың Дербес деректерін қорғау үшін барлық қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық, техникалық сақтық шараларын қолданамыз. Дербес деректерді алу рұқсаты қажет етілген жұмыс функцияларын орындауы керек «Бавария Алматы автоорталығы» жұмыскерлерінің ғана Пайдаланушылар туралы ақпаратты алуға құқылы.

5.3. Пайдаланушының өзі оларға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, Дербес деректерді қауіпсіз сақтауға немқұрайлы қараған жағдайда Пайдаланушы үшінші тұлғалардың оларға қол жеткізе алатынын мойындайды. Бавария Алматы автоорталығының құрылымына кіретін ешбір компания мұндай қолжетімділіктен келген залал және шығын (соның ішінде жіберілген пайда) үшін жауапкершілік көтермейді. Сізге цифрлар мен әріптерден тұратын күрделі құпия сөздерді пайдалануды ұсынамыз.

5.4. Сізден қырағы болуыңызды және Дербес ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қолдануыңызды, соның ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтықтан және «фишингтен» қорғану үшін шара қолдануыңызды сұраймыз.

6. Дербес деректерді алу рұқсаты

6.1. Пайдаланушылардың Дербес деректерін алу рұқсаты «Бавария Алматы автоорталығынан» (олардың атынан әрекет ететін жұмыскерлерден) басқа мына тұлғаларға берілуі мүмкін:

  • Астана-Моторс «мотор компаниясы «ЖШС-ның»кез келген үлестес жеке және (немесе) заңды тұлғалары;
  • Бавария Алматы автоорталығы сататын тауарлардың (автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар мен өзгесі) өндірушілері (және олардың уәкілетті өкілдері);
  • Осы Саясаттың 2-бөлімінде көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін үшінші тұлғалар. Мұндай үшінші тұлғаларға (соның ішінде, бірақ онымен шектелместен):

    • банктер, сақтандыру компаниялары мен өзге қаржы мекемелері;
    • өздеріне тиесілі сайттарда, бағдарламаларда, өнімдерде немесе сервистерде жарнаманы орналастыруға және көрсетуге байланысты бізге қызмет көрсететін сайттардың және қосымшалардың иелері;
    • жарнама берушілер және (немесе) жарнама таратушылар, байланыс операторлары және «Бавария Алматы автоорталығының» шарттық қатынастары бар өзге компаниялар;
    • аудиторлар/аудиторлық компаниялар кіруі мүмкін.

6.2. Пайдаланушылардың Дербес деректері сондай-ақ мыналарға берілуі мүмкін:

  • тиісті құқықтар мен міндеттерді беру немесе тиісті келісім бойынша жаңғырту жүргізілген үшінші тұлғалар;
  •  «Бавария Алматы автоорталығы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті сұрату бойынша оларға ақпарат беруге міндетті кез келген қазақстандық және (немесе) халықаралық реттеуші орган, құқық қорғау органдары, биліктің атқарушы органдары, басқа ресми және мемлекеттік органдар немесе соттар;
  • сіз Дербес ақпаратыңызды беруге келісім білдірген жағдайда не болмаса сізге тиісті тауарды беру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау немесе сізбен жасасқан белгілі бір келісімді немесе шартты орындау үшін Дербес ақпаратты беру талап етілетін жағдайда үшінші тұлғалар;
  • сіз Пайдаланушы келісімін, осы Саясатты, өзіңізбен жасалған шарттың талаптарын бұзғанда не болмаса мұндай бұзушылық қаупі туындаған жағдайда «Бавария Алматы автоорталығы» немесе үшінші тұлғалардың құқығы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында кез келген үшінші тұлға.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Біз сіздің Дербес ақпаратыңызды ол жиналған мақсатқа жету үшін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау үшін қанша қажет болса, сонша уақыт сақтаймыз.

7.2. Құпиялық саясаты дербес деректердің және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету рәсімдеріне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың, соның ішінде бөгде сайттардың қызметін қамтамасыз ететін үшінші тұлғалардың өзге рәсімдеріне қолданылмайды, оларға сілтемелер Бавария Алматы автоорталығы сайттарында қамтылған және біз пайдаланушылардың бөгде сайттардағы ақпаратының құпиялылығы үшін жауап бермейміз. Бавария Алматы автоорталығының сайттарында бөгде сайттарға сілтемелердің көрсетілуі мұндай сайттарды біздің мақұлдайтынымызды немесе үлестес тұлғаларымыздың мақұлдайтынын білдірмейді.

7.3. Бавария Алматы автоорталығы Facebook, Apple, Google, Microsoft сияқты басқа компаниялардың және кез келген басқа қосымшаларды әзірлеушілердің, қосымшаларды жеткізушілердің, әлеуметтік желі платформасы қызметін жеткізушілердің, операциялық жүйе жеткізушілерінің, сымсыз байланыс қызметін жеткізушілердің және құрылғыларды дайындаушылардың ақпаратты жинау, пайдалану және ашу саясаты үшін (деректерді қорғауды қамтамасы ету тәртібін қоса алғанда), соның ішінде пайдаланушыларымыздың Қосымшаларды немесе әлеуметтік желілердегі (немесе оларға байланысты) парақшаларымызды пайдалана отырып, басқа ұйымдарға жария ететін Дербес деректері үшін жауапкершілік көтермейді.

7.4. Сіз bavaria-almaty.kz сайтын пайдалану арқылы веб-сайтты пайдалану тәжірибеңізді жақсарту мақсатында құрылғыңызға cookie файлдарын орнатып, cookie, IP-мекенжайға кіру рұқсатын алып, оны сақтап және веб-сайтты пайдалану туралы деректерді жинаудың басқа да әдістерін пайдалана алатынымызбен келісесіз.

Деректерде веб-сайтты, браузерді пайдалануыңыз және оған кіретін құрылғыңыздың түрі және орналасқан жеріңіз туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

Сіз bavaria-almaty.kzсайтына кіре, пайдалана отырып, құрылғыңызға cookie файлдарын орнататынымызбен келісесіз.

7.5. Сіз cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді бергеннен кейін келесі жолы сайтқа кіргенде келісіміңізді жадқа сақтау үшін cookie файлын компьютеріңізде немесе құрылғыңызда сақтаймыз. Келісіміңіздің белгілі бір мерзімде (және барлық жағдайда 13 айдың ішінде) күші жойылады. Егер кез келген уақытта өз келісіміңізді қайтарып алғыңыз келсе, интернет-браузеріңіздің баптауын пайдаланып, өз cookie файлдарыңызды өшіруіңіз керек.

Cookie файлдарын өшіру немесе блоктау туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға кіріңіз: www.aboutcookies.org.

7.6. «Бавария Алматы автоорталығы» осы Саясатқа өзгертулерді Пайдаланушының келісімінсіз және оған хабарламай енгізуге құқылы. Саясаттың жаңартылған нұсқасымен танысу жауапкершілігін Пайдаланушы өз мойнына алады. Егер Саясаттың жаңа редакциясында өзгесі көзделмесе, Саясатқа енгізілетін өзгертулер оны Сайтта жариялаған сәттен бастап күшіне енеді.

7.7. 14 жастан 18 жасқа дейінгі Пайдаланушылар ата-анасымен бірге немесе заңды өкілдерімен бірге осы Құпиялық саясатының шарттарымен танысып, осы шарттарды түсінуі керек. Пайдаланушылардың жасының анықталуы үшін жауапкершілік көтермесек те, біз тиісті тексерулер жүргізе аламыз. Жиналған ақпарат 14 жасқа толмаған тұлғадан ата-анасының келісімінсіз алынғанын білсек, біз мұндай ақпаратты қисынды қысқа мерзімде жоямыз және мұндай тұлғаның тиісті Сайтқа кіруіне тыйым сала аламыз.

7.8. Саясатқа және Пайдаланушы мен Бавария Алматы автоорталығының арасында Саясатты қолдануға байланысты туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуы тиіс.

7.9.  Бавария Алматы автоорталығы Пайдаланушылардың Дербес деректерін жинаған, өңдеген және сақтаған кезде Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сүйенеді.

7.10. Осы Саясатқа қатысты барлық сұрақтар, пікірлер және ескертулер бойынша бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Пайдаланушы бізге мыналар жөнінде хабарлауға құқылы:

  • келешекте бізден ақпарат (хабарлама) алғысы келмейтіні туралы;
  • бізде өзі туралы қандай ақпарат бар екенін білгісі келетіні, бізде сақталған Дербес деректердің көшірмесін алғысы келетіні туралы (сұратылған мұндай ақпарат ұсынылған кезде ақпаратты іздеу және өңдеу жұмыстарының ақысын және пошта шығындарын жабу үшін әкімшілік алым алынуы мүмкін);
  • бізде сақталған қандай да бір Дербес деректерін анық, толық, өзекті немесе маңызды емес деп санайтыны туралы;
  • Саясаттың кез келген бұзушылықтары туралы.

Осы Саясатқа байланысты кез келген сұрақпен және шағыммен мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғ., 107, тел.: +7 (727) 333 19 05, e-mail: info@bavaria.kz немесе clientservice@bavaria.kz сайтындағы кері байланыс нысаны бойынша. Біз әр шағым бойынша тергеу жүргізіп, оны алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жауап береміз.