05 сәуір 2017
Басты бет   /   Жаңалықтар

Make life a ride. BMW Motorrad Қазақстанға келеді

«Бавария автоорталығы» мотомаусым басталуы қарсаңында «Астана Моторс» құрамында Алматыда BMW Motorrad шоурумын салтанатты түрде ашты, бұл брендті республикада белсенді түрде таныстырудың басталғанын білдіреді.
news

BMW Motorrad мамандары мен инженерлері 90 жылдан астам уақыт бойы бірегей техникалық шешімдерді жасап келеді. Бұл ретте бавариялық мотоциклдердің сенімділігі мен олардың жоғары техникалық сипаттамалары өзгеріссіз қалады.

Қазір Алматы шоурумында аты аңызға айналған F 800 GS Adventure және F 800 GS модельдерін, R nine T Scrambler классикалық көше мотоциклін және BMW Motorrad жақында түсірілген «Зұлымдық мекені: Кек алу» фильмінде көрсеткен S 1000 XR моделін сатып алуға болады.

Тағы 20-ға жуық модельге Қазақстанның кез келген өңіріне жеткізуді рәсімдей отырып, Германиядан тікелей тапсырыс беруге болады. Тапсырыс беру үшін BMW Motorrad маркасының барлық алты топтамасының мотоциклдері қолжетімді: Sport, Tour, Roadster, Heritage, Adventure және Urban Mobility. Жеткізу мерзімі – шамамен екі ай. BMW Motorrad бағасы 5 млн теңгеден басталады. F 800 GS Adventure – 5,4 млн, R nine T Scrambler – 5,5 млн, S 1000 XR 6,2 млн теңге тұрады.

«Біздің BMW кітабымызда жаңа бет ашылады және біз мото-бағытымызды белсенді түрде дамытуға ниеттіміз, – деп атап өтті «Бавария автоорталығының» директоры Денис Расторгуев шоурумның ашылуында.– 2017 жылы 20-ға жуық BMW Motorrad мотоциклдерін өткізу жоспарланған». Компанияның ақпараты бойынша бұл көрсеткішке қол жеткізуге іске қосылуы жоспарланған кредиттеу бағдарламасы мен мото-сегменттегі Trade-in көмектесуі керек.

Қазақстанда BMW Motorrad брендін дамытуға жауапты Михаил Вайман жаңа шоурумның есігі бұдан былай әркім үшін ашық екенін атап өтті. «Біз сізге жабдықтар мен мотоциклді таңдап қана қоймай, оларды басқаруды да үйретеміз. Жақын арада «Бавария автоорталығы» өзінің мотомектебін ашады», – деп мәлімдеп, қазіргі уақытта практикалық сабақтарға арналған алаң дайындалып жатқанын айтты.

Ашылу күні шоурумда «Бавария автоорталығының» тұрақты клиенттері және компанияның серіктестері жиналды. Қонақтарға брендтің ерекше атмосферасын сезінуге және BMW Motorrad мотоциклдерінің технологияларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Кеш мотожабдықтар мен сервиске жеңілдік сертификаттарының ұтыс ойынымен аяқталды.

Алматыдағы шоурумнан басқа, бавариялық брендтің мотоциклдерін Астана мен Өскемендегі «Бавария автоорталығы» дилерлік орталықтарынан да көруге болады.

Басқа жаңалықтар:

news

Жаңа BMW R nine T/5

09 қазан 2019

BMW R nine T/5 – BMW Motorrad 50 жылдығына арналған эксклюзивті мотоцикл моделі. Классикалық, шынайы, түпнұсқа – бұл жаңа BMW R nine T моделі туралы айтылады. Ол BMW Motorrad Heritage мотоциклдерінің табысы мен жоғары сұранысын бейнелейді.

news

Алматыда мотомаусымның ашылуы

04 мамыр 2019

Алматы байкерлері Avtodom сауда үйінің алдында 15-ші мотомаусымды ашты.

news

Нұр-Сұлтанда мотомаусымның ашылуы

27 сәуір 2019

27-29 сәуір аралығында екі күн бойы «EliktiPark» ТШК тау-шаңғы базасының аумағында жыл сайынғы Road Freedom Fest мотофестивалі өтті, онда 2019 мотомаусымы ашылды.