Жаңа MINI COUNTRYMAN.

Жаңа MINI COUNTRYMAN.

Сұраныс қалдыру
Тест-драйв қызметіне жазылу
Новый MINI COUNTRYMAN.

Үлгі артықшылықтары

Жеке стиль.

Айқын күшті көрініс пен еркектерге тән арақатынастарды шытырман оқиғалар рухымен үйлестіре отырып, біз заманауи қалалардың көшелерінде де, қала сыртындағы жолдарда да өзін жақсы сезінетін жан-жақты автокөлік жасадық.

Жаңа орындау нұсқасындағы радиатор торы.

MINI Countryman беріктігі мен әсемдігі жаңа дизайнның жаңа, жетілдірілген радиатор торымен және бамперімен қосымша ерекшеленеді. Радиатор торы қуатты және әсерлі жиектері ие болды және хромдалған түрде ұсынылады.

MINI Countryman әдемі артқы бампері.

Жаңа MINI Countryman әсемдігі әдемі дизайнның жаңа артқы бамперімен қосымша ерекшеленеді. Шанақтың түсіне сай келетін үстіңгі жағы айқын бампер автокөліктің сыртқы түрін теңдестіреді және MINI-ге аэродинамикалық көрініс береді. Ол күшті спорттық көріністі баса көрсететін артқы диффузормен тамаша толықтырылған.

Union Jack артқы шамдары.

MINI автокөліктері сияқты, британдық жалау – немесе Union Jack – уақытқа бағынбайды және ұзақ әрі бай тарихты білдіреді. Классикалық көріністі заманауи қайта ойластыруға және тарихи тамырларымызды еске түсіруге арналған әсерлі жарықдиодты шамдар Piano Black түсті жиекке жазылған британдық жалаудың екі жартысы түрінде жасалған.

Көлемді жүксалғыш.

Өзінің батыл әсемдігімен тартатын сенімді MINI көлігі әрдайым көптеген адамдардың қызығушылығын тудырады. Барлығына орын табылады — соның ішінде артқы орындықтағы жолаушылардың аяқ тұсында, басының үстінде және шынтақтарында көп орын бар.

Көбірек орын.

Оның артқы орындықтары жиналмалы болғандықтан, жүксалғыштың сыйымдылығын 1390 литрге дейін арттыруға болады, осылайша сіз кез келген шытырман оқиғаға қажет нәрсенің бәрін оп-оңай орналастыра аласыз.

Көп функциялы аспаптар тақтасының дисплейі.

MINI жаңа аспаптар тақтасы әдеттегі спидометрді алмастырады. Жүргізушінің көз алдында орналасқан Black Panel технологиясы бойынша әдемі және эстетикалық панелі бар айқын және заманауи дисплей барлық маңызды ақпаратты ұсынады. 5 дюймдік цифрлық дисплей және оның бүйірлерінде орналасқан индикаторлар жылдамдық, отын қоры, жүріп өткен қашықтық, температура туралы мәліметтер береді, сонымен қатар навигация жүйесінің нұсқауларын көрсетеді.

Интеллектуалды толық жетек.

Барлық жаңа MINI Countryman ALL4 моделінде ол базалық жинақтамаға кіреді және айналдыру моментін дөңгелектер арасында динамикалық түрде бөліп, сізге кез келген жағдайда сенімді тарту күшін және автокөлікті басқаруды қамтамасыз етеді. Қыста мұз басқан қала жолдарымен күресіп жатқаныңыз немесе таптап салынған жолдан басқа жаққа бұрылатыныңыз маңызды емес, сіз өзіңізді сенімді сезініп, сапарыңызды қауіпсіз әрі қызықты ететін ALL4 көлігіне сене аласыз.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.