20 маусым 2022
Басты бет   /   Жаңалықтар

УАЙЫМСЫЗ ЖАҢА MINI

Сіздің жаңа MINI-ге 3 жыл кепілдік пен 3 жыл тегін техникалық қызмет көрсету.
news

«Бавария автоорталығының» ресми дилерінен жаңа MINI автокөлігін сатып алу арқылы сіз 3 жыл кепілдік пен 3 жыл техникалық қызмет көрсетуді тегін аласыз. Бұл сіздің автокөлігіңізге уақытылы қызмет көрсету туралы қамқорлық жасайтынымызға сенімділік береді. 

3 жыл зауыттық кепілдік:
Егер сіз жаңа MINI автокөлігін сатып алсаңыз, онда ол сіздің автокөлігіңізге ресми дилерден қызмет көрсетуге кепілдік береді. Жарамдылық мерзімі – автокөлік сатып алынған күннен бастап 3 жыл немесе автокөлік 200 000 км жүргенге дейін.

3 жыл техникалық қызмет көрсету:
Сонымен қатар автокөлікті Қазақстандағы ресми дилерден сатып ала отырып, сіз Service Inclusive техникалық қызмет көрсету топтамасын аласыз. Жарамдылық мерзімі – автокөлік сатып алынған күннен бастап 3 жыл немесе автокөлік 40 000 км жүргенге дейін.

Техникалық қызмет көрсетуге не кіреді:

  • Мотор майы
  • Май сүзгісі
  • Автокөлік диагностикасы
  • Ауа сүзгісі
  • Отын сүзгісі
  • Микросүзгі
  • Оталдыру білтелері
  • Тежегіш сұйықтығы

Әрбір нақты жағдайда қажетті техникалық қызмет көрсету көлемін дилер техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын клиент ұсынған кілттен оқылған мәліметтер негізінде өздігінен анықтайды.

Бағдарлама MINI дилерінен 2020 жылдың қаңтарынан бастап сатып алынған, жинақтамада 07US опциясы бар автокөліктер үшін жарамды.

Қашан және қандай техникалық қызмет көрсету қажет екенін қалай білуге болады?

Қазіргі заманғы MINI автокөліктері «Жағдайына қарай техникалық қызмет көрсету» жүйесімен жабдықталған. Автокөліктің жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты борттық компьютердің өзі қажетті жұмыстарды орындағанға дейін қалған километрді/уақытты есептейді және сізге техникалық қызмет көрсету мерзімі басталмай тұрып, 2000 км немесе бір ай бұрын хабарлайды.

Сатып алушы өндіруші зауыттың регламентіне сәйкес аспаптар тақтасында кезекті техникалық қызмет көрсетудің басталу мерзімінің сары немесе қызыл индикаторы жанған кезде Бағдарлама аясында техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге өтініш жасауға құқылы.

Service Inclusive қызметін қайда және қашан пайдалануға болады?

Бағдарламада көзделген қызметтерді алу үшін Сатып алушы өз таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген MINI ресми дилеріне жүгінуге құқылы. Бағдарлама бойынша техникалық қызмет көрсету үшін басқа елдердегі MINI ресми дилерлеріне жүгінуге болады. Өзіңізді қызықтырған MINI дилерінің бағдарлама бойынша техникалық қызмет көрсете алу мүмкіндігін алдын ала нақтылаған жөн.

Бағдарламаның артықшылықтары:

ШЫҒЫНДАРДЫ ҮНЕМДЕУ.

Service Inclusive көмегімен регламенттік техникалық қызмет көрсету үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Сіз болашақта қызмет көрсету бағасын көтеруден сақтандырылғансыз.

 

САПАҒА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК.

Қызмет көрсетуді тек түпнұсқа BMW қосалқы бөлшектері мен мотор майларын қолдана отырып, ресми дилерлердің сертификатталған мамандары жүзеге асырады.

 

СЕНІМДІЛІК.

Ресми дилерлерде уақытылы және тұрақты техникалық қызмет көрсетілетіндіктен, сіздің автокөлігіңіздің жағдайы жақсы күйде қалады.

 

БЕРУ МҮМКІНДІГІ.

Service Inclusive автоматты түрде келесі иесіне ауысады, бұл автокөліктің жоғары қалдық құнын сақтауға кепілдік береді.

 

Қазақстан Республикасының аумағындағы MINI ресми дилерлерінен жаңа автокөлік сатып алғанда MINI-мен бірге өзіңіздің болашағыңыз бейқам әрі жеңіл болатынына сенімді болыңыз.

Басқа жаңалықтар: